Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері

"Сымбат 2" бөбекжай -бақшасы" ЖШС ғимараты 2 қабатты типтік жобада салынған, жылу, су электр жүйелері орталықтандырылған.

Түлкібас ауданы қазақтелеком арқылы интернетке қосылған, сонымен бірге өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған.

Балалар қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Балабақшада 16 бейне-камера бар, оның 12 іште, 4 сыртта орналасқан.

Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған

Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ескеріліп, жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген, дамытушы орталар бар. Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар.

Музыка, би ic-әрекеттері сапалы жүргізуге музыка залы ұлттық накышта, аспаптармен жабдықталған.

Пайдалы сілтемелер